ТЖД жиі су басып қалатын 17 учаскені есепке алды
Су басып қалу қаупінің алдын алу және оның зардаптарын жоюға қатысты жүйелі мониторинг жүргізу және нақтылы шараларды ұйымдастыру үшін ТЖД жиі су басып қалатын 17 учаскені есепке алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары (арнайы техника) жауын-шашын басталғанға дейін жиі су басатын учаскелерге дер кезінде жеткізіліп, инертті материалдар әзірленді.
29 наурызда сағат 17.00-де су басып қалған 6 оқиға тіркелді, оның 5-і қалпына келтірілді:
1) Жетісу ауданы Борзов көшесі судан тазарды. «Алматы Тазалық» ҚКК қызметкерлері аталған учаскеге 40 қап төседі, жұмыс ойдағыдай аяқталды;
2) Ачинский көшесі судан тазартылды, мұнда «Алматы Тазалық» ҚКК жұмыс (1 илосос, 2 адам) жасады;
3) Алатау ауданы Механика, 212 көшесі судан тазартылды, «Алматы Тазалық» ҚКК қызметкерлері аталған учаскеде жұмыс жасауда, арық желілері тазартылуда;
4) Түрксіб ауданы Майлин көшесі, 222 мекенжайда көпқабаты үйдің ауласына су толып кетті, «Алматы Тазалық» ҚКК жұмыс жасады, қазір аула судан тазартылды;
5) Жетісу ауданы Жангелді көшесі, 214 мекенжайда жеке меншік үйдің ауласын су басып қалды, суды сору үшін 100 қап төселді, мұнда 109 Құтқару қызметі жұмыс жасап жатыр
Қазіргі кезде Алатау ауданы Аралқұм, 22 көшесі судан тазартылып, мұнда «Алматы су» ҚКК-ның «Илосос» техникасы жұмыс істеп тұр.
Атап өтерлік жайт, наурыз айында жауын-шашынның нормасы 76 мм құрады, осы айдың басынан бері 86,2 мм жауын-шашын болды.
Жалпы соңғы бес жыл ішінде қалада 497 км арық желілері салынды, 40 км-ден астам өзен арналары қайта жасалды және нығайтылды. Жүргізілген іс-шаралар су басып қалуы учаскелер санын 3,5 есеге азайтты. Алматы қаласы бойынша 376 шақырым арық желілерін салу және реконструкциялаудың ЖСҚ әзірленуде. Аталған жобаны іске асыру 2021-2023 жылдарға жоспарланған.
Жасыл экономика басқармасы Алматы қаласындағы 376 км арық желілерін салу және реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп жатыр. Қазіргі кезде жобаны әзірлеу (2021 жылы наурызда мемлекеттік сараптамаға жіберіледі ) аяқталып қалды. Жоба 2021-2023 жылдары іске асатын болады. Сонымен қатар, 2020 жылы қалада 30 шақырым тозған арық желілерін ауыстыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді.