Алматыда «Шыңға өрлеу» жобасы аясында 150 зейнеткер ұстаздық қызмет етеді

16.03.2022 23:37

Бүгінде әлеуметтік клубтарда 600-ден аса бала білім алып жатыр екен

Almaty.tv

Алматыда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік жобасы аясында 150-ден аса зейнеткер ұстаздық қызмет етеді. Бүгінде әлеуметтік клубтарда 600-ден аса бала білім алып жатыр екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жалпы қаланың 8 ауданында «Шыңға өрлеу» әлеуметтік орталығының 10 бөлімшесі жұмыс істейді. «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубына көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін бара алады.  

«Шыңға өрлеу» орталығы 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында қалалық әлеуметтік жобалардың ішінде бірінші орын алған. Шыңға өрлеудің жалпы ерекшелігі бізде жағдайы төмен отбасылар, тұрмысы төмен отбасылардың балалары және де мектеп бастауыш сынып мұғалімдері еңбек өтілі өтілген зейнеткерлерді тарту», - деді Алатау аудандық «шыңға өрлеу» клубының бөлім меңгерушісі Бақыт Оспанова.

Жоба 1-4 сынып оқушыларының тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар өскелең ұрпақ пен аға буын арасындағы сабақтастықты қалыптастырады. Бүгінде орталықтың бар игілігін көріп отырған отбасылардың шексіз алғыстан басқа айтары жоқ.

«Шыңға өрлеу әлеуметтік клубында біздің балаларымыз тәлімді тәрбие алып жатыр. Мемлекеттік жобада құрылған әлеуметтік ұйым осы жерге баламыз келуімен қатар, тәрбиелі жан-жақты өнегелі дамуда. Бұл жерде барлық жұмыс істеп жүрген ұжымға және өнегелі ұстаздарға құрметім шексіз», - деді ата-ана Айнұр Зулай.