Алматыда «Интернационализация: сапаны бағалау және әдіс-тәсілдер» форумы өтті

01.03.2024 23:43

Екі елдің университеттері арасында байланыс құру, оны дамыту жолдары талқыланды

Almaty.tv

Соңғы онжылдықта Ұлыбританияның жоғары білім беру секторы тарапынан Қазақстан нарығына қызығушылық артып отыр. Еліміздегі Британ Кеңесінің екі гранттық бағдарламасы 5 жылдан астам уақытта мемлекеттер арасында 20-дан аса серіктестік орнатуға көмектесіп, 1,2 миллион фунт стерлингтен астам инвестиция құйды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда өткен «Интернационализация: сапаны бағалау және әдіс-тәсілдер» форумында екі елдің университеттері арасында байланыс құру, оны дамыту жолдары талқыланды.  

«Қазіргі жаһандану заманында, әрине, бәсекелестік күшейді. Әсіресе ЖОО арасында. Кейбірі алдағы уақытқа жоспарланып отыр», – деді ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Етік киген мысық» ертегісінің қойылымы көрсетіліп жатыр