Алматының бас шыршасының шамы жағылды

 Almaty.tv.
Almaty.tv.
Дәстүр бойынша рәсім ҚБТУ ғимаратының жанындағы «Астана» алаңында өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 20 метр. Алматының Бас шыршасын жағу рәсіміне мегаполис әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңажылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді. Мегаполистің барлық сегіз ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған, оның ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар.

Сондай-ақ, 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен «Жаңажылдық керуен» ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын декорациялар, мыңдаған жарықтандыру, жарық шоулары, жарқын фотоаймақтар және үлкен сыйлықтар жәрмеңкесі сынды жүк көліктерінің керуені күтеді. 30 мың метрден астам жарық гирляндалары, шамдар мен қызықты дизайн кім-кімді де тәнті ететіні анық. Жүк көліктерінің қозғалысы әлеуметтік желілерде жарияланады.

Сонымен қатар, КВИ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға және «омикрон» штамының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын – маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет екенін еске салады. Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендерді қайта вакциналау қажет. Вакцинация пункттері жұмысын жалғастырып жатыр.

Новости партнеров