Б. Сағынтаев: Алматының қауіпсіз және жайлы көше инфрақұрылымы Vision Zero қағидаты бойынша жасалуда

13.05.2021 00:27

Алматыда осы бағдарлама аясында мектептер алдында жасанды кедергілер жасалды

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы тікелей эфир кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қолжетімді әрі жайлы орта жасау шаралары жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің айтуынша, ЖКО-ның санын барынша азайта отырып, мегаполис жолдарында ЖКЕ бұзғандарға нөлдік төзімділікті қамтамасыз ету міндеті қойылған. Жолдарда өлім-жітім мен жарақат алудың нөлдік деңгейіне жету үшін 2023 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары әзірленді. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибені ескере отырып, ЖКО-ын азайтуға ықпал ететін Vision Zero Almaty бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Б. Сағынтаев жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қалалықтардың жайлы өмір сүруінің, қауіпсіздігінің алғышарты екенін атап өтті.

Қала қауіпсіз, қолжетімді және жайлы көше инфрақұрылымын құруға, сондай-ақ Алматы тұрғындарының жол қозғалысы қауіпсіздігін жасқартау бойынша қабылданған шараларды дер кезінде біліп отыруына ұмтылатын болады.

Бүгінде қалада 14 бағдаршам бейімделгіш басқарумен жабдықталған, 4,8 мыңнан астам жол белгілері орнатылды және ауыстырылды, 88 көшеге 270 мың шаршы метрден астам жол белгілері жасалды.

Биыл  70 реттелетін және реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін, оның ішінде әр түрлі көпірлер мен 3D өткелдерін салу, сондай-ақ 40 бағдаршам нысандарын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, 3 мыңнан астам жол белгілері орнатылады,

ауыстырылады. Мамандардың бағалауынша, кешенді шаралардың қабылдануы ЖКО-ның санын 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Vision Zero қағидасына сай жаяу және велосипед жолдарынан, туннелдерден өзге, жол қозғалысына қатысатын осал топтардың қауіпсіздігін арттыру бойынша шешімдерді қабылдау пысықталуда. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне басымдық беріледі, ол үшін көліктердің жылдамдығы төмендетіледі.

Алматыда осы бағдарлама аясында мектептер алдында жасанды кедергілер жасалды, 15 бағдаршам нысандары салынды, реттелмеген 115 жаңа жаяу жүргіншілер өткелдері жабдықталды, веложолдарды бөлетін боллардтар орнатылды.

Биыл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Достық даң. - Сәтбаев көшесінің және Сейфуллин даң. - Сәтбаев көшесінің қиылыстарында жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, қаланың велосипед жолдарының бойына 2000 жол боллардтарын орнату жоспарланған.