Алматылық полицейлер азаматтарға маскалық режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды

28.06.2020 01:43

27-28 маусымында демалыс күндері қосымша шектеу шараларды енгізу туралы шешім қабылданған болатын

© Sputnik / Тимур Батыршин

Коронавирус инфекциясына жол бермеу коммисияның шешіміне сәйкес, ағымдағы жылдың 27-28 маусымында демалыс күндері қосымша шектеу шараларды енгізу туралы шешім қабылданған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Оқиға орнынан: (Полиция көлігі)

– Құрметті алматылықтар, коронавирус індетінің таралу деңгейі өсуде сондықтан эпидемияға қарсы шаралар күшейтілуде.    

Сенбі. Алматы. Таң атысымен дыбыс ұлғайтқышы бар полиция көлігі шаһар көшелерінде жүріп, тұрғындарды осы демалыста қосымша шектеу шаралары енгізілгенін хабарлауда. Мақсат – халықты үйде отырып, індеттің таралуын тоқтатуға шақыру. Ал, жергілікті полиция қызметкерлері азаматтарға маскалық режимді сақтауды және әлеуметтік арақашықтықты ұстануға шақырды.     

«Жаяу патрульдеу кезінде құқық қорғау қызметкерлері адам көп жиналатын саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер жолы сынды жерлердегі халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Біздің айтарымыз, мүмкіндік болса, үйден шықпауға шақырамыз және бетперде тағып жүруді ұмытпаңыздар», – деді Алмалы ауданы жергілікті полиция қызметінің басшысы Әбдіғалиев Рүстем.  

Осы демалыс күндері саябақтарда серуендеуге рұқсат берілді. Тек, санитария нормаларын қатаң сақтауы қажет. Десе де бұл жолы біз топтасып қыдырып жүрген жандарды көрмедік.      

БЛИЦ:

– Осы демалыста паркте жүрсе дұрыс болды. Адамдар аптасына 5 күн жұмыс істеп, осы бір екі күнде паркте жүріп, демалуға рұқсат бергендері дұрыс болды және де маска тағып жүруді ұмытпаңыздар.    

– Осы адамдарға, қоғамдағы бәріне айтқым келеді: сақтаныңдар, қолғап киіңдер, маска тағыңдар.

Иә, мамандар да бұл вирус қауіпті екенін және тез таралып жатқанын күн сайын айтып келеді. індеттің өршуіне жол бермеу үшін себепсіз үйден шықпауға шақырады.

«Короновирус – бұл ойнайтын ауру емес. Ол ауа тамшылар арқылы берілетін өте жұқпалы ауру. Сондықтан маска кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды. Біз алматылықтарды мүмкіндігінше үйде болуға шақырамыз», – деді Бостандық ауданы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Тахир Чембулатов.

Сондай-ақ, осы сенбі жексенбі күндері үй жанындағы шағын дүкендерді қоспағанда ірі сауда желілері, азық-түлік болсын, азық-түлік емес болсын жабық және әмбебап базарлардың барлығы уақытша қызметін тоқтатты. Одан өзге сауда ойын сауық орталықтарымен қатар, сауда орындары және фитнес орталықтары осы демалыста жұмыс істемейтін болатды. Тиісінше, 29 маусымда базарлар өз қызметіне қайта кіріседі.  

Арнат Дүйсен, Ғани Қалуов, Ескендір Тоғысбаев, «Алматы» арнасы