Карантин режимін бұзған лаундж бардың иесіне 638 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ қолданыстағы объектілерде және қоғамдық орындарда шектеу шараларын сақтауды бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде учаскеде заңсыз жұмыс жасаған лаундж бар (кафе) анықталды.
«Алматы қаласы аумағында қолданылған қатаң шектеу шараларына қарамастан, лаундж-бардың бірінің басшылығы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі бұйрығының талаптарына қайшы келді. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Бұл құқық бұзушылық үшін мекеме иесі енді 230 АЕК – 638 940 теңге көлемінде айыппұл төлеуі керек», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.