Алматы әуежайында «Ашық» мобильді қосымшасы іске қосылды: кімдер ұшақ бортына жіберілмейді

21.05.2021 00:43

Жалпы оның тиімділігі қандай?

Енді «Ашық» мобильді қосымшасы мейрамханалар мен демалыс орындарынан бөлек, Алматы әуежайына да орнатылды. Ертеңнен бастап жолаушылар ұшаққа отырмас бұрын, өз статусын сканерлеу арқылы анықтап, әуежай қызметкеріне көрсетуі тиіс. Жалпы оның тиімділігі қандай? Бұл қаладағы эпид-ахуалдың жақсаруына әсерін тигізе ме? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын айтады.

Бұдан былай, Алматы халықаралық әуежайға келерде ұялы телефоныңызда мынадай «Ашық» мобильді қосымшасы жүктелуі керек. Осы қосымша арқылы QR-кодты енгізесіз. Міне, менде көк түс шықты. Бұл соңғы үш күнде қауіпті індетті жұқтырған адаммен байланыста болған жоқ және коронавируспен ауырған жоқ деген белгі. Ал егер, мобильді қосымшаңыз болмаса, жеке куәлігіңіз болуы керек. Оны кіреберісте қызметкерлерге ұсынасыз. Осы тұста ескеретін жайт, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу үшін куәлігіңіздің түпнұсқасы болуы шарт. Ұялы телефоннан оның суретін көрсетсеңіз, қызметкерлер оны қабылдамай қояды.

«Қызыл» немесе «сары» түс мәртебесін көрсеткен жолаушылар ұшақ бортына жіберілмейді. Осылайша шектеу қою арқылы, өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді мамандар. Ал,18 жасқа толмаған балаларға қосымшаны пайданбай еркін кіруіне рұқсат. Денсаулыққа төнетін қатерді азайту мақсатында іске қосылған жобаға алматылықтар түрлі пікір білдірді.  

БЛИЦ:

- Жоқ, жоқ келіспеймін. Дұрыс емес.

- Да, ыңғайлы, кодты сканерлейсің.

-  Удобные вещи, быстро сразу показывают, снимает риски, степень риска, ответственность.

- Қазір айта алмайын, уақыт көрсетеді. Жалпы адамдарды түске бөлу деген дұрыс емес деп ойлаймын.

Алматы әуежайында «Ашық» мобилді қосымшасы 16 мамырдан бастап пилоттық режимде басталған. Осы аралықта 24 адамда қызыл түс, ал 15 адамда сары белгі анықталыпты. Олардың барлығы әуежайға өткізілмеді. Бұл ретте жолаушыларға әуе компаниясы билет құнын толықтай өтеп беруі керек немесе ұшу уақытын басқа күнге ауыстыруы қажет.

«Жобаны әзірлеушілер барлық техникалық тұстарын да қарастырған. Қазір жүйе жақсы жұмыс істеп тұр. Ешқандай ақаулар болмайды деп сенеміз. Жүйе істен шыққан жағдайда, біз шығарып салушыларға емес, бірінші кезекте жолаушыларды кіргізуге басымдық беретін боламыз. Одан бөлек, біз өз тарапымыздан жолаушыларды ұзақ күттірмеу үшін қосымша кіреберістер аштық, дәліздер ұйымдастырдық», – деді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз хатшысы

Наталья Соколова.

Еске салайық, бүгінде мұндай ашық қосымшасы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда ғана бар. Бүгінге дейін республика бойынша қосымшаны 1 миллионнан астам пайдаланушы жүктеген. Барлық өңірде жобаға 5 мыңнан астам нысан тіркелген.

Ұлағат Арғын, Ғани Қалуов, «Алматы» арнасы