Алматыда жасыл желек деректерінің базасы жасалады

jana-kezen.kz
jana-kezen.kz
Қоғамдық көліктердің қозғалысы жөніндегі ақпарат негізінде қалалықтардың белсенділік базасын қалыптастыру туралы шешім қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев  «Алматы» телеарнасындағы кезекті тікелей эфир  барысында қаланы басқару жөніндегі цифрлы жобалар жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қоғамдық көліктердің қозғалысы жөніндегі ақпарат негізінде қалалықтардың белсенділік базасын қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Бұл қала тұрғындарының қадамдық қолжетімді қызметтерге деген сұраныстарын орындау үшін қажет. Осылайша, қаланың жүктемесін жол инфрақұрылымын дамыту арқылы ғана емес, сонымен қатар әр ауданда тепе-тең бизнес ортаны құру арқылы жеңілдетуге болады.

Интерактивті картаны қалалықтарға қолжетімді ету жоспарлануда, бұл кәсіпкерлерге әлеуметтік-тұрмыстық немесе  сауда нысандарын қай жерде ашуға болатынын өздерінің  шешуіне мүмкіндік береді.

Жасыл қала мәртебесін сақтау үшін әр ағаштың төлқұжатын әзірлеу бойынша құру жұмыстар жүруде. Бұл қаланың жасыл қорын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Ол үшін екпелерді электрондық есепке алу жүйесі енгізілуде, 2,3 миллионнан астам ағашты түгендеу және паспорттау жүргізілуде. Жүйе ағаш отырғызатын алаңдарға, оның ішінде өтем отырғызуға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Алматыда цифрландыру дамыған кезде түрлі ақпараттық жүйелерден мәліметтер жинақталады, оларды қала игілігі үшін басқару керек. Осыған орай үш үлкен тапсырманы шешуге мүмкіндік беретін бірыңғай мәліметтер базасы жасалады, олар:

-  алда тұрған міндеттерді шешу үшін басқарудың цифрлық негіздегі деректер базасын құру;

- қаланың түрді басқармалары арасында ақпарат алмасу жөніндегі жұмысты ыңғайлы және жылдам ету;

- IT алаңы, қорғалған орта  арқылы пайдаланушылардың мәліметтер негізінде жаңа жобаларды жасаулары үшін  сыртқы пайдаланушыларға мәліметтер беру.

Новости партнеров