Сұрақ-жауап: Жетісу ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіледі

11.11.2022 01:43

Жүздесуге 300-ден аса адам келген

Almaty.tv

Алматы аялдамаларына келесі жылы электронды таблолар орнатылады. Ал халықты тасымалдайтын жекеменшік автопарктерге талап күшейтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданы тұрғындарымен кезекті кездесуі Көкжиектегі №177 мектепте өтті. Жүздесуге 300-ден аса адам келген. Тұрғындар алдымен қала басшысының ауданның дамуы жөніндегі баяндамасын тыңдады. Кейін емін-еркін сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Жүздесудің әл-қиссасын жолаушылардың атынан келдім деген тұрғын келесідей өтініштен бастады.

«Қоғамдық көлікті жиі пайдаланушы ретінде сұрағым автобустарды бақылау үшін табло орнату мүмкіндігін қарастыруға бола ма?»- деді қала тұрғыны.

«Қаладағы аялдамаларға келер жылдан бастап табло қоямыз, 2 мыңдай дайын болады деп жоспарлап отырмыз. Оңаймен, транспортный холдингпен бірігіп, көліктің кестесін көрсету мәселесін қарастырым жатырмыз. Бюджеттен ақша дайындап қойдық», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Қоғамдық көлік мәселесі Жетісу ауданында да өзекті. Халық барар жеріне автобуспен қатынайтындықтан, ыңғайлы болуын және ұзақ күттірмей жиі жүргенін қалайды. Жұртшылық №17 бағыттағы автобусқа шағымданды.

«№17 автобусты үлкейту мәселесіне қатысты сұрақ қойып ем, өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін ешқандай өзгеріс болған жоқ», –деді қала тұрғыны.

«Қалада автобустар екіге бөлінеді. Қалаға қарайтын - Алматыэлектротранс. Одан басқа 21 жекеменшік компания бар. Жекеменшік компанияларда көлік тұрағы жетпейді», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

«17 маршруттының жаңа кестесін әзірленді. Келесі аптаның басыннан бастап, түскі уақытта оқушылардың қайтатын уақытында жиі жүретін болады. Ол әзірленді. 1-2 күнде таныстырсақ болады», – деді Мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан.

«Мен осы ауданның тұрғыны боламын. Сол жағымызда қазандық бар. Көкжиек ауданы бойынша газдың исі тарайды. Балалар ойнай алмайды, иіс пәтердің ішін алып кетеді», – деді қала тұрғыны.

«ҚазТрансгазаймақпен» бірге әкімшілік тексеру жұмысын жүргізейік, одоризациялау қажет», – деді қала әкімі.

Газдың иісіне ұқсас заттың адам денсаулығына тигізер еш зияны жоқ. Алдағы уақытта аудан әкімдігі халықты жинап, мұның тек қауіпсіздік үшін жасалатынын түсіндірмек.

Жадыра Омаржан, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» телеарнасы