Б. Сағынтаев: Алматының IT қауымдастығы үшін бірыңғай кеңістік құрылады

10.06.2021 00:53

Инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру аясында қаланың IT-қоғамдастық өкілдері үшін Бірыңғай коммуникациялық кеңістік құру жұмыстары аяқталды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы кезекті тікелей эфир барысында Бірыңғай коммуникациялық кеңістік құру жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру аясында қаланың IT-қоғамдастық өкілдері үшін Бірыңғай коммуникациялық кеңістік құру жұмыстары аяқталды. БКК барлық білім беру мекемелерін, техноарктерді, акселераторларды, инкубаторларды және IT- компанияларды бір платформаға біріктіреді. Қазіргі кезде платформада 15-тен астам IT-компаниялар және  500-ге жуық IT-қоғамдастық өкілдері тіркелген.

Бұдан өзге, Цифрландыру басқармасының порталында Алматыны оңтайландыру және цифрландыру бойынша идеяларды орналастыру мүмкіндігі бар. Кез келген қаланы тұрғыны өзінің жобасына қала әкімдігінің назарын аудара алады.

Телекоммуникациялық инфрақұрылым белсенді дамыды. Бұрындары, жыл ішінде қаладағы барлық байланыс операторлары 55-60 базалық станцияларды ғана салатын. Соңғы 12 айда ұялы байланыстың қолжетімді болуы үшін 200-ден астам «көрінбейтін» аймақтар жабылды.

Қалада қосымша интернетке желісіз қосылудың сараланған технологиясымен жаңа пилоттық жоба іске асуда, осының арқасында қала тұрғыны қаланың жаңа шағын аудандарында 96 Мбит/сек тұрақты сигнал алу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл жаңа жобамен Әлмерек (600 ғимарат, 420 абонент), Алғабас (1500 ғимарат, 1050 абонент), Нұршашқан (400 ғимарат, 280 абонент), Таусамалы (1000 ғимарат, 700 абонент) шағын аудандары қамтылған.

Биылғы жылы Нұршашқан және Тастыбұлақ шағын аудандарында талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады, бұл сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік береді. Келесі жылы жеке инвесторлар Алатау мен Наурызбай аудандарының  қалған шағын аудандарына ТОБЖ жүргізеді.