23 маусымда сағат 15.00-де Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу Шевченко көшесі, 97 мекенжайындағы Логистика және көлік академиясында өтеді.
Бұл - қала әкімінің тұрғындарымен жетінші кездесуі. Жыл соңына дейін барлығы 24, яғни әрбір 8 ауданның тұрғындарымен тоқсанына кемінде бір кездесу өтеді.