Іс-шараға «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері қатысты
Алматыда «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты аналар форумы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басқосу Алатау ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен жүзеге асты. Іс-шараға «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, қоғам қайраткерлері қатысты. Жиынға келгендер отбасы институтын дамыту мен жанұядағы ананың орны мен рөлі туралы ой бөлісті.
– Мамырдың алғашқы жексенбісі 12 мамыр Аналар күні деп жарияланған. Ал 15 мамыр – Отбасы күні. Отбасындағы ананың балаға берер тәрбиесі үлкен зор, – деді оқушылар шығармашылық инновациялық орталығының директоры Манас Тайкенов.
– Болашағымыз жарқын болсын десек, ұрпағымызға әлемдік деңгейді білім беруіміз керек. Бірақ ұлттық тәрбиемен өсуі тиіс. Сол тұрғыдан келгенде форумның мәні де, маңызы да өзекті, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман.
Оқи отырыңыз: Отбасы күні: Кішкенебаевтар әулетіі ережеге сай қандай есеп береді