Алматылықтардың 99 пайыздан астамы табиғи газбен қамтамасыз етілді

01.12.2021 02:17

Ал келесі жылы көрсеткіш 100 пайызға жетпек

Almaty.tv

Алматы тұрғындарының 99 пайыздан астамы табиғи газбен қамтамасыз етілді. Ал келесі жылы көрсеткіш 100 пайызға жетпек. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.         

Сондай-ақ ол халықты сапалы электрмен қамту мәселесі де басты назарда екенін айтты. Мәселен, Тұздыбастау қосқалқы станциясын салу есебінен Түрксіб ауданының 200 мыңнан астам тұрғыны келер жылы тұрақты электр жарығымен қамтылмақ. Жетісу ауданында да дәл осындай қосалқы станция құрылысын бастау жоспарланып отыр.   

«Жарық мәселесі бүгінгі таңдағы ең өзекті тақырып. Қала бойынша 168 мыңнан аса жарық шамы бар. Жыл сайын олардың саны артып келеді. Жаңадан қосылған 24 ықшамауданды да жарықпен қамтамасыз етіп отырмыз. Бұған дейін жарық жүргізілмеген көшелердегі жағдайды дұрыстау үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр», – деді қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.