Алатау ауданында шамамен 35 км кәріз желілерінің құрылысы жүргізілуде

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Нысандарды толық қосу ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады деп жоспарлануда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа кәріз желілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы ақпанда Шаңырақ-1, Шаңырақ-2 және Қарасу шағынаудандарында 18 КСС құрылысы аяқталды. Бұл туралы Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нысандарды толық қосу ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады деп жоспарлануда.

«2025 жылдың қараша айында Өжет және Самғау шағынаудандарында тағы 5 КСС құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Алматы әкімі. 

Ағымдағы жылдың ақпан айында жалпы ұзындығы 34,9 км болатын «Батыс кәріз коллекторының» құрылысы басталды. Алғабас ш/а КРС салу жобасы қарастырылуда. Жұмыстарды 2026 жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 

Батыс кәріз коллекторы Алатау және Наурызбай аудандарының 130 мың тұрғынын сапалы орталық су бұрумен қамтамасыз етеді. Ол Алматы облысының Іле ауданындағы «Аманат» поселкесінде болады

Айта кетейік, Алматыда инженерлік желілерді жаңғырту және реконструкциялау бойынша кешенді шаралар белсенді қабылдануда. Осылайша, қабылданып жатқан шаралар 2025 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуын 52,9% – ға, су бұру желілерінің тозуын 53,9% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Алматының Алатау ауданында 170 шақырым электр желілері жөнделеді

Новости партнеров