Алмалы ауданында 56 аула абаттандырылады

06.02.2025 10:54

2025 жылға ХҚБ  бағдарламасына қала бюджетінде 17,1 млрд теңге қарастырылған

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы Алмалы ауданында «Халықа қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 45 жоба іске асырылатын болады. Бұл туралы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы атап өткендей, 45 жобаның 23-і аула аумақтарын жөндеу, оларды көгалдандыру бойынша 4 жоба және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша 18 жоба. Қосымша 33 аула аумағын жөндеу үшін тағы 500 млн теңге бөлінді. Барлық абаттандыру жұмыстары осы жылдың сәуір-қазан айлары аралығында жүргізіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы ХҚБ аясында ауданда 52 жоба іске асырылып, 23 аула аумағына қосымша ағымдағы жөндеу жүргізілді. 

Үш жылдың ішінде Алматыда 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды. 2025 жылға ХҚБ  бағдарламасына қала бюджетінде 17,1 млрд теңге қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Алматыда ескі денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр