Қала әкімдігі "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша өтінім қабылдауды қорытындылады

21.01.2025 15:10

Жолдама алған қатысушылар 15 жұмыс күні ішінде банктің кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылдың 29 шілдесі мен 7 тамызы аралығында өткен "Алматы жастары" бағдарламасының қосымша кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

www.almaty-zhastary2024.kz платформасында 2757 қатысушы өтінімін түзетіп, олардың 1872-сі мына бағыттар бойынша құжат тапсырды:

  • денсаулық сақтау – 456,
  •  білім беру – 773,
  •  мәдениет – 95,
  • спорт – 23,
  • ЖОО және ҒЗИ – 196,
  • БАҚ – 40,
  • әлеуметтік сала – 75,
  • коммуналдық қызметтер – 139,
  • жұмыс істейтін жастар – 75.

Қарау нәтижесі бойынша 759 өтінім мына салалар бойынша мақұлданды: 

  • денсаулық сақтау – 210, 
  • білім беру – 332, 
  • мәдениет – 24, 
  • спорт – 3, 
  • ЖОО және ҒЗИ – 74, 
  • БАҚ – 22, 
  • әлеуметтік сала – 18, 
  • коммуналдық қызметтер – 56, 
  • жұмыс істейтін жастар – 20.

Оның ішінде ең жоғары балл жинаған 183 қатысушы төлем қабілетін растау үшін жолдама алады.

Жолдама алған қатысушылар 15 жұмыс күні ішінде "Отбасы банк" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс. Төлем қабілетін растаған соң олар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтан тұрғын үй таңдай алады.

Қалған 576 қатысушы алғашқы үміткерлердің төлем қабілетін растау мерзімі аяқталғанға дейін резервке енгізілді.

Тұрғын үй, зейнетақы аударымдары және басқа да қажетті анықтамалардың болмауынан 1113 өтінім қабылданбады. 

Толық ақпарат www.almaty-zhastary2024.kz сайтында.

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty/reel/DFFIYU_TFZN/ 

Оқи отырыңыз: Биыл Алматыда 16 комьюнити-орталық пайда болады