Зауыт жоспарында өндіріс көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар Ресейге, Қытайға, Қырғызстанға және Өзбекстанға экспортты қоса алғанда, халықаралық нарықтардағы позицияларды нығайту бар
Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданындағы Samal Water зауытында болып, қайта құру нәтижелерімен және өндірісті одан әрі кеңейту жоспарларымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бизнес Парк Навигатор» ЖШС зауыты ауыз суды өндіруге, жеткізуге және сатуға маманданған. Кәсіпорынды қайта құру 2024 жылы аяқталды және инженерлік коммуникацияларды ауыстыруды, ауыз су өндіруге арналған заманауи жабдықтарды орнатуды, іргелес аумақты абаттандыруды (асфальттау, жарықтандыру, көгалдандыру) қамтиды.
Инвестициялардың жалпы көлемі 12,4 млрд теңгені, қосымша инвестициялар 5,7 млрд теңгені құрайды. Зауытта 336 тұрақты жұмыс орны құрылды, жыл сайынғы салық аударымдары 215 млн теңгені құрайды, жаңғырту аяқталғаннан кейін 282 млн теңгеге дейін ұлғайтылады. Зауыт жоспарында өндіріс көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар Ресейге, Қытайға, Қырғызстанға және Өзбекстанға экспортты қоса алғанда, халықаралық нарықтардағы позицияларды нығайту бар.
Зауыт аумағында судың жоғары сапасын қамтамасыз ететін тереңдігі 250 метр болатын екі артезиан ұңғымасы және өнімді жеткізуге арналған 15 ұзын өлшемді жүк көлігі мен 125 жүк көлігін қамтитын жеке автопарк бар. Кәсіпорында екі өндірістік желі орнатылған: көлемі 0,25-тен 2 литрге дейін және көлемі 6 литрге дейінгі ПЭТ-бөтелкелерге су құю.
Жаңғыртудың келесі кезеңі шеңберінде 2024-2025 жылдары шыны бөтелкелерге су құюдың жаңа желісін орнату, дәмдік сусындар желісін іске қосу, өндірістік қуаттылықты айына 15 млн литрге дейін ұлғайту жоспарлануда.
Ерболат Досаев зауыт жобасы Алматының өндірістік секторына экономикалық өсуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және қаланың экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал ететін табысты инвестициялардың маңызды үлгісі болып табылатынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Түрксіб ауданының 300-ден астам тұрғыны орталық коммуникацияларға қосылады