Алматы колледждерінің бірінде жарықтандыру жүйесі бойынша шеберлік сағаты өтті

04.04.2025 15:18

Іс-шара Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылды

Алматыдағы оқу орындарының бірінде жарықтандыру жүйелерін жобалау аясында шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Іс-шараға қатысқан студенттер электр схемаларын оқу, электр құрылғыларын монтаждау, баптау және қызмет көрсету бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.

Шеберлік сағаты Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылды. «Бұл студенттердің техникалық білімін тереңдетіп, болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді» дейді ұйымдастырушылар.

«Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты – электромонтаждық жұмыстардың мәдениетін көтеру. Компаниялармен тығыз байланыста жұмыс істегеннің пайдасы көп. Электромонтаждық жұмыстармен айналысатын компаниялардың тәжірибесі мол. Соның бәрін балалар да көрсе, ертең нарыққа шыққан кезде, жұмысқа орналасарда көп пайдасы тиер еді», - деді колледж директоры Камал Жаманғозов.

Оқи отырыңыз: Елімізде үш айда 3,7 млн-нан астам құқықбұзушылық анықталған