Алматы - жастар үшін мүмкіндіктер қаласы

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылы қалада 11 комьюнити-орталық және 4 нарко-STOP орталығы ашылып, 33 демалыс орталығы жаңғыртылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы жастарын қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Алматыда ОКҚ-нің көшпелі брифингінл қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

2024 жылы қалада 11 комьюнити-орталық және 4 нарко-STOP орталығы ашылып, 33 демалыс орталығы жаңғыртылды. Жыл басынан бері мегаполисте студенттік жатақханаларда 8 мыңнан астам (8 273) төсек-орын ашылды, сондай-ақ «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 3 321 пәтер берілді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Алматыда 3 спорттық-сауықтыру кешені ашылып, 50 көше-спорттық инфрақұрылым нысаны салынды.

Осы шаралардың арқасында NEET санатындағы жастардың үлесі 8,3%-дан 6,4%-ға дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 347 км инженерлік желі салынып, жаңғыртылады

Новости партнеров