"Алматы жастары" бағдарламасы: қосымша кезеңнің нәтижесі жарияланды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұл жолы үйлі болуға 2 мыңға жуық алматылық ниет білдіріпті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасының қосымша кезеңінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Былтыр 23-31 желтоқсан аралығында негізгі конкурстан өтпеген қатысушылардан тағы өтінімдер қабылданған болатын. Бұл жолы үйлі болуға 1 872 алматылық ниет білдіріпті. Басым бөлігі - білім беру саласының мамандары.

Нәтижесінде, ең жоғары балл жинаған 183 қатысушы төлем қабілетін растау үшін жолдама алды.

Ал 576 азамат үміткерлер төлем қабілетін растағанға дейін резервке енгізілді.

Ал 1 113 өтініш тұрғын үй, зейнетақы аударымдары мен басқа да  анықтамалардың болмауы салдарынан қабылданбады.

Оқи отырыңыз: Тиімді бағдарлама: Алматыда баспаналы болуға ниетті жандарға қойылатын талаптар қандай

Новости партнеров