Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады
Алматы әкімдігі 2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында 35 жасқа дейінгі қала жастары үшін «Алматы жастары» бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиесін алу бойынша өтініш қабылдау басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:
- Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- Бастапқы жарна – 10%;
- Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
- Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушылары.
Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:
«Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының (2019-2024 жж.) жалға алушылары үшін жас шектеулері, тұрғылықты тіркеу талабы және ресми еңбек өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.
Толық ақпарат www.almaty-zhastary2025.kz сайтында қолжетімді.
Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57