Алматыда 1986 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды

30.10.2024 09:02

Ауыстырылған құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 5 көпқабатты тұрғын үй мен 4 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді

elements.envato.com

Алматыда Құрманғазы көшесінде Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейінгі құбыр желісін ауыстыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл ұзындығы 305 метр учаске қайта жаңартылды. Ауыстырылған құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 5 көпқабатты тұрғын үй мен 4 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада 20 км жылу жүйесі жаңғыртылды. Жөндеу жұмыстары жыл сайын жылыту маусымына дейінгі кезеңде жүргізіледі, биыл бұл жұмыстар Алматының 6 ауданында өтті. Жылу жүйелері қайта жаңартылған учаскелердегі көріктендіру жұмыстары ауа райына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервисінде жарияланған.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіздік күшейтілді: Алматыда 45 мың бейнекамера біріктірілген бейнемониторинг жүйесіне қосылды