Алматыда 2025 жылы тағы екі инновациялық шығармашылық орталық ашылады

Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Тиісті үш жылдық бюджет Алматы мәслихатының сессиясында қабылданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда инновациялық шығармашылық орталықтар мен инновациялық колледж құрылысыныңа бюджеті бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда биыл төрт инновациялық шығармашылық орталық ашылған еді, енді тағы екеуі салынады. Тиісті үш жылдық бюджет Алматы мәслихатының сессиясында қабылданды.

"Биыл Алматыда қаланың жас тұрғындарының әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін 4 инновациялық шығармашылық және инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Нәтижесінде алматылық оқушылар республикалық және 20 халықаралық олимпиадаларда 64 алтын медаль алды", - делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылға дейін жалғасады. Осылайша, Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесі бойындағы  даму және шығармашылық орталығының құрылысы жалғасады және Алатау ауданының «Саялы»  ш/а даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады.

Бұдан басқа, келесі жылы Алғабас-2  ш/а инновациялық техникалық колледж,  №2 гуманитарлық-педагогикалық колледж бен жатақханасы бар телекоммуникация және машина жасау колледжінің ғимаратына қосымша құрылыс салынатын болады.

Оқи отырыңыз: Алматының жаңа бюджеті: мектептерді сейсмикалық күшейту және жаңарту жалғасады

Новости партнеров