Алматыда академик Серік Пірәлиевті еске алуға арналған халықаралық жиын өтті

Іс-шараға отандық және шет елден келген профессорлар мен қоғам қайраткерлері қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қоғам қайраткері, академик Серік Пірәлиевті еске алуға арналған "Білім беру стратегиялары: Болашақ кадрларды даярлау" атты халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Іс-шараға отандық және шет елден келген профессорлар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар ғалымның көзі тірісінде жарық көрген ғылыми еңбектері қойылған көрмені тамашалап, ұлағатты ұстазды еске алды.

"Мен бұл кісінің осы 2 форумына толық қатысып отырмын, өйткені біз бұл кісімен қызметтес болғалы 30 жылдан астам өтіп кетті. Біз сонау министр Шаяхметовтің кезінде бірге қызмет істегенбіз, сондықтан да айтарымыз көп және білім саласына бұл кісінің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз", - деді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Берікжан Әлмұхамбетов.

Форумда студенттерге Пірәлиев атындағы шәкіртақы табысталды. Сондай-ақ жиналғандар білім беруді цифрландыру, инновациялық оқыту әдістері, жоғары оқу орындарындағы оқыту психологиясы және педагогикалық әдістемелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар білім беру саласында жасанды интеллектіні пайдалану мәселесі де талқыланды.  

"Мына цифрлық заманда мектепте, орта білім жүйесінде және жоғары білім жүйесінде жасанды интеллект құрал ретінде пайдалану мәселесі көтеріліп отыр. Сондықтан педагогикалық мамандарды даярлауда заманауи трендтер мен қазіргі талап етіп отырған әртүрлі тенденцияны ескере отырып, оларды академиялық және стратегиялық саясатымызда ұстанамыз", - деді Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова.

Оқи отыныңыз: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толды

Новости партнеров