Бұл күні мегаполисте халықаралық іс-шара өтеді
Алматы қаласының Полиция департаменті 29 наурызда халықаралық іс-шараларды өткізу кезеңінде жол қозғалысын ішінара шектеу туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келесі учаскелерде жол қозғалысына түзетулер енгізуге болады: Майлин көшесі, Құлжа тракті, Бұқтырма көшесі, ШААЖ, Әл-Фараби даңғылы, Достық даңғылы, Жароков көшесі, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Назарбаев даңғылы.
29 наурызда сағат 00:00-ден 14:00-ге дейін осы ауданда тұратын азаматтардың автомашиналарынан басқа, «Медеу» БТСК және «Шымбұлақ» БТШК-на бару және жол жүру үшін жабық болады.
Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала түзетуге шақырады.
Оқи отырыңыз: Өктем Алтаев: Алматыны таза ұстау – үйіміздің, көшеміздің тазалығы