Алматыдағы жәрмеңкелерде 900 тоннаға жуық дайын өнім сатылуда

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы тауар түрі 1000 атаудан асады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда демалыс күндері жәрмеңкелерде сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемі 880 тоннаға жетті. Сатылымның 10%-ға өсуі жаңа өнім ассортиментінің кеңеюімен, көктемнің жылы кезеңінің басталуымен және халық арасында жәрмеңкелердің танымалдылығының артуымен байланысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәрмеңкелерге апта сайын 45000-нан астам адам қатысады. Өнімді Алматы мен Алматы облысынан 300-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері ұсынады.

Сатылымда жаңа сойылған мал еті, жұмыртқа, көкөністер, жемістер, ашытылған сүт өнімдері, шұжықтар, бал және басқа да тауарлар бар. Жалпы тауар түрі 1000 атаудан асады.

Жәрмеңке ұйымдастырушысы «Алматы» ӘКК» АҚ болып табылады. Бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар шеңберінде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтық құннан 15-20% - ға төмен сатылады.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін мына мекен-жайларда өтеді:

  • Алмалы ауданы - Масанчи көшесі (Әйтеке би көшесі мен Гоголь көшесі арасы);
  • Әуезов ауданы - Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
  • Бостандық ауданы - Қазақфильм ы/а. (Әл-Фараби даңғылынан жоғары);
  • Медеу ауданы - Меңдіқұлов бульвары-Бектұров көшесі.

Оқи отырыңыз: Алматы балалары оңалту курсынан қай жерде өте алады

Новости партнеров