Жиында ғылыми қызметкерлер, сарапшылар мен арнайы өкілдер бас қосты
Алматыда діни құндылықтар мен заманауи мәдениет мәселелері талқыға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Философия, саясаттану және дінтану институты өткізген ғылыми конференцияда соңғы әлеуметтік зерттеулер ұсынылып, сын-қатерлер мен алға қойған мақсат-міндеттер сөз болды.
Ғылыми қызметкерлер, сарапшылар мен арнайы өкілдер бас қосқан жиында еліміздегі мемлекеттік деңгейдегі ұстанымдарды тиімді іске асыру жайы қарастырылды.
"Ұлттық дәстүрлеріміздің бәрін жоққа шығаратын топтар бар. Біз сондай топтарға тойтарыс беру үшін ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, "қай бағытта кетіп бара жатырмыз, бізге қандай жаңа диллеммалар қажет" деген мәселелерді діни, ғылыми қауымдастық ортасында талқылап жатырмыз", - деді Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының директоры Алмасбек Шағырбай.
Оқи отырыңыз: Үздік жаңажылдық безендіру: Алматыда кәсіпкерлер арасындағы конкурста кім жеңімпаз атанды