Алматыда инновациялық шығармашылық орталығы ашылады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың төртінші тоқсанында байқау рәсімдерінен кейін басталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу ауданында заманауи инновациялық шығармашылық орталығын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін Жетісу ауданында мұндай шығармашылық даму орталығы болмаған. 

«Алғашқы инновациялық шығармашылық орталығы Айнабұлақ шағын ауданында салынады. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу аяқталып, 2025 жылдың шілде айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шықпақ», – деді қала басшысы. 

Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың төртінші тоқсанында байқау рәсімдерінен кейін басталады. 

Айта кетейік, осындай орталықтар Алматының Наурызбай және Алатау аудандарында ашылған. Әр орталық аптасына 5 000 балаға дейін қабылдай алады.

Қазіргі уақытта шаһарда 28 680 бала білім алатын 19 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы бар.

Оқи отырыңыз: Алматыда Жетісу ауданының бюджеті биыл 20 пайызға өсті

Новости партнеров