Жол-көлік құрылыстарына 35 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған
Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаланың 2025-2027 жылдарға арналған тиісті бюджеті қабылданды. Қала үшін негізгі бағыттардың бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып қала береді, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, бюджетте 300 км жолға орташа жөндеу жүргізуге, 30 км тротуарларға, аялдама қалталары мен алаңдарына, сондай-ақ басқа да көлік құрылыстарына 35 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
"Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қалалық қоғамдық көлікті жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. 2025 жылға арналған бюджетте газбен жүретін 600 автобус пен 200 электроавтобус сатып алу көзделген", - делінген хабарламада.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қалаға қосылған Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет, Боралдай ш/а аумақтарында жол құрылысы жалғасады.
Осылайша, жаңа жолдардың құрылысы 70 мыңнан астам тұрғынды қамти отырып, қалаға қосылған аумақтарға көліктік қызмет көрсетуді едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Алматыда объектілерді паспорттау жалғасып жатыр