Алматыда Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс уақытша шектеледі

09.04.2025 11:23

Мамандар анықтаған жоғарыда көрсетілген көшенің жүру бөлігінің астынан өтетін жылумен жабдықтау желілерінде асфальт жабынының шөгуін жою үшін уақытша шектеулер енгізіледі

Joshua Hoehne/unsplash.com/

2025 жылғы 11 сәуір сағат 9:00-ден 14 сәуір сағат 6:00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Құрманғазы көшесімен Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін, сондай-ақ Құрманғазы мен Зенков көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар анықтаған жоғарыда көрсетілген көшенің жүру бөлігінің астынан өтетін жылумен жабдықтау желілерінде асфальт жабынының шөгуін жою үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Жұмыстарды мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында жүргізетін болады.

Қозғалыстарды шектеуге қатысты ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда мопедттерді тіркеу қалай жүріп жатыр