Алматыда қылқанжапырақты биік ағаштар отырғызылды

24.12.2024 13:14

Жергілікті питомниктердің көшеттері қаланың климаттық жағдайына сәйкес келеді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламасы аясында қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сәтбаев көшесінде 22 апатты ағаштың орнына биіктігі 6 метрден асатын 36 Тянь-Шянь шыршасы отырғызылды.

Жергілікті питомниктердің көшеттері қаланың климаттық жағдайына сәйкес келеді, төзімділігі жоғары және агрессивті қалалық ортаға тез бейімделе алады.

Ескі ағаштарды ауыстыру қажетті шара болды.

Еске салсақ, көшпелі кеңес барысында ғылыми қызметкерлердің, сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Сәтбаев көшесіндегі ағаштардың жағдайы бағаланды. Учаскеде  ескі  шыршалар өседі, олар зерттеу нәтижелері бойынша апатты деп танылып, қала тұрғындары мен қоршаған ортаға қауіпті. Сондықтан  жаңаларына ауыстырылды.

Биіктігі 4-6 метрге дейінгі ірі көшеттерді пайдалану ағаштардың тіршілігін жақсартуға, жетілген ландшафт жасауға және қала көшелері мен саябақтарының эстетикалық келбетін сақтауға мүмкіндік береді. Ғалымдардың ұсынысы бойынша қыста қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу жердің жабық кесегімен жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Алматы метросы Жаңа жылға орай безендірілді