Ұлттық ономастика: Алматыда республикалық семинар өтті

Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Іс-шараның мақсаты – еліміздегі ұлттық ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы «Достық үйінде» «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараның мақсаты – еліміздегі ұлттық ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы бағыттағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Республикалық және Алматы қаласы ономастика комиссияларының мүшелері қатысты. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен ономастика мәселесіне жауапты лауазымды тұлғалар келді. Сонымен қатар семинарға қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен зиялы қауым өкілдері де шақырылды.

«Күн тәртібінде өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар», өңірлердегі ономастикалық ахуал, атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасының іске асырылуы және тағы да басқа маңызды мәселелер қаралды», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге семинарда елді мекендердің және олардың құрамдас бөліктерінің байырғы тарихи атауларын ғылыми зерттеу мәселелері, сондай-ақ халық арасында ономастика саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған іс-шаралар да талқыланды.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Еңбек адамы» марапаты кімдерге табыс етілді

Новости партнеров