Жеңімпаздарға дипломдар, арнайы сыйлықтар және ақшалай марапаттар табысталады
Алматы қаласының әкімдігі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының бір бөлігі ретінде «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауын жариялайды. Байқау 2025 жылдың 5 наурызында басталып, 20 наурызға дейін жалғасады, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Байқаудың мақсаты – көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын күтіп-ұстау сапасын арттыру және көркейтуге ынталандыру. Байқауға көпқабатты үйлер мен аулалардың ортақ аумақтарын көркейтумен айналысатын ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.
Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар, сондай-ақ ақшалай марапаттар табысталады:
1-орын – 150 000 тг
2-орын – 100 000 тг
3-орын – 50 000 тг (тұрмыстық техника)
Өтінім 2025 жылдың 17 наурызына дейін аудан әкімі аппараттарының коммуналдық шаруашылық бөлімінде қабылданады. Өтінімді қатысушының мінездемесімен, қызмет көрсететін аумақтардың тізімі және жеке деректерді өңдеуге келісім қажет.
Алатау ауданы: okx-2998636@mail.ru
Жетісу ауданы: okh_zhetysu@mail.ru
Медеу ауданы: medeu.okkh@mail.ru
Әуезов ауданы: okx_auezov@mail.ru
Алмалы ауданы: 2720213@mail.ru
Бостандық ауданы: Okh2017@list.ru
Түрксіб ауданы: 2231153okx@mail.ru
Наурызбай ауданы: yerasyl.adilbayev@mail.ru
Бағалау критерийлері:
Қатысушылардың жұмысын арнайы комиссия бағалайды. Құрамына депутаттар, қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да сарапшылар кіреді. Жеңімпаздар байқау қорытындысы шыққан соң марапатталады.
Толық ақпарат алу үшін аудан әкімдіктерінің коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарласуға болады.
Оқи отырыңыз: «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Таза көшелер» кезеңі қалай өтіп жатыр