Алматыда заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады

10.04.2025 11:30

Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Түрксіб ауданында осы жылдың қыркүйек айында тағы бір денешынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДСК) құрылысы басталады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. ДСК Майлин көшесінде орналасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарлануда», - деді Ерболат Досаев. 

Айта кетейік, осы жылдың ақпан айында Түрксіб ауданындағы Жас Қанат ш/а күніне 600 адам қабылдай алатын ден шынықтыру-сауықтыру кешен ашылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматыда Зерделі шағынауданында күніне 400 келушіге арналған денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Сондай-ақ Шұғыла, Саялы ш/а және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған спорт орталығын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Ден шынықтыру-сауықтыру кешендері спортпен шұғылдануға, спорттық іс-шараларды өткізуге арналған құрылыстар болып табылады. ДСК-де спорт,  бокс және хореографиялық залдар, үстел ойындары залдары және басқаларыбар. Нормативтерге сәйкес орталықтар киім-кешек және душ бөлмелерімен, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген санитарлық тораптармен жабдықталған.

Оқи отырыңыз: Алматының Түрксіб ауданында 8 км жылу желілері жаңғыртылады