Алматыда жазушы Сапарғали Бегалиннің шығармашылығына арналған семинар өтті

Іс-шара Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы №8 мектеп-гимназиясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің шығармашылығына арналған "Үш апта – үш кітап" атты қалалық семинар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Іс-шара Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, жазушының соғыс тақырыбындағы еңбектері талқыланды. Жиын барысында қатысушылар үш апта бойы Бегалиннің шығармаларын оқып, түрлі әдеби және интеллектуалды тапсырмалар орындады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға бағытталған. 

"Бүгінгі өткізіліп отырған семинарымыздың негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерейтойына байланысты ұлт руханиятына өлшеулі үлес қосқан Сапарғали Бегалиннің шығармаларын балаларға дәріптеу", - деді №8 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Галиева. 

"Егер атам осы заманда өмір сүргенде, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырумен айналысар еді. Оның 125 жылдығына арнап мен кітап та шығардым. Бұл жұмысым - Сапарғали Бегалиннің мұрасын сақтау мен насихаттауға қосқан шағын үлесім. Оның еңбектері әлі талай ұрпаққа рухани азық боларына сенемін", - деді С. Бегалиннің немересі Гүлнәр Бегалина.

Оқи отырыңыз: Қолжетімді баспана: биыл 6 мыңнан астам алматылық жаңа пәтерге ие болады

Новости партнеров