Алматыдағы Халықтар достығы саябағына ағаш отырғызылды

28.04.2025 13:51

Бірлік күніне арналған бұл бастама табиғатты түлетіп қана қоймай, түрлі ұлт өкілдерін ортақ мүдде төңірегіне тоғыстырды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматыдағы Халықтар достығы саябағына ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Игі іске Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері белсене атсалысты. Бірлік күніне арналған бұл бастама табиғатты түлетіп қана қоймай, түрлі ұлт өкілдерін ортақ мүдде төңірегіне тоғыстырды.

Айта кетейік, Наурызбай ауданындағы тарихы терең Сақ қорғандары маңы 2022 жылдан бері көгалдандырылып келеді. Бүгінде бұл аймақ құлпырып, болашақта қала тұрғындары үшін тағы бір тынығу орнына айналмақ.

«Әр азаматтың міндетті –  тұратын жердің тазалығын сақтау, ағаш отырғызу. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған шараы саябақтан бастадық», – деді Түрікмен этномәдени бірлестігінің төрағасы Әбділкәрім Оғызхан.

Оқи отыоыңыз: Алматыда Желтоқсан көшесіндегі BRT желісін салу кезінде қайта пайдалануға жатпайтын жиектер ғана ауыстырылады