Алматыдағы Медеу ауданының бюджеті 6,4%-ға өсті

27.02.2025 11:01

Туризм саласы да белсенді дамып келеді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Медеу ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары оң серпінді көрсетіп отыр. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысының айтуынша, жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 5,2%-ға артып, 46,2 мыңға жетті. Бөлшек сауда көлемі 5% - ға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады, ал құрылыс саласы 38,7%-ға өсіп, 101 млрд теңгеге жетті. 

Туризм саласы да белсенді дамып келеді. 2024 жылдың 9 айында Медеу ауданына 430 мыңнан астам турист келді, оның ішінде 99 290 шетелдік қонақ. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға көп, шетелдік туристер саны 10%-ға өсті.

Бұл көрсеткіштер Медеу ауданында салық түсімдерін 18,7%-ға, 443,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, сондай-ақ 8 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға ықпал етті.

Белсенді экономикалық дамудың арқасында аудан бюджеті 2024 жылы 32%-ға ұлғайып, 36,1 млрд теңгеге жетті, ал 2025 жылы тағы 6,4%-ға өсіп, 38,4 млрд теңгені құрады.

Қала және аудан әкімдіктері жұмыстарының негізгі бағыттары инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны белсенді дамыту болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Терренкурды» модернизациялау жұмысы қашан аяқталады