Алматылық оқушылар Дубайда өткен халықаралық байқауда жүлделі орын алды

20.01.2025 18:57

Қатысушылар Парсы шығанағын аралап, лайнер үстінде өнерлерін сынға салды

Алматылық оқушылар Дубайда ұйымдастырылған италиялық "San-Remo Best Song" байқауында жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сайыстың басты ерекшелігі - қатысушылар Парсы шығанағын аралап, лайнер үстінде өнерлерін сынға салды.

Аталған жобада 10-ға жуық ел бақ сынаған. Осымен екінші рет өткізілген конкурсқа Қазақстан алғаш рет қатысты.

Төрешілердің ыстық ықыласына бөленген отандасымыз Милана Абдукаимова биыл маусым айында Италияда өтетін «Сан Ремо Джуниор» байқауына жолдама алды.

"Гран-при алған жүлдегерлердің бірі - менің қызым Милана. Ол "Сан Ремо Джуниор" байқауына және Юрмала жобасына жолдама алды. Өте қуаныштымыз. Бұл өз талантын көрсетуге үлкен мүмкіндік деп білеміз. Жетектеп, қолдау білдірген ұстаздарына алғымыз шексіз", - дейді ата-ана Санан Машаева.

Оқи отырыңыз: Президент алматылық автобус жүргізушісін "Шапағат" медалімен марапаттады