Алматының Наурызбай ауданында биыл жаңа мектептер ашылады

20.03.2025 11:00

Ауданда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту да өсуде

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Аудан тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту бойынша басым міндеттердің бірін сәтті шешу туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі таңда 3572 орынды құрайтын оқушы орындарының тапшылығын одан әрі төмендету үшін аудан халқының өсуін ескере отырып, жаңа білім беру нысандарын қайта құру және салу бойынша жүйелі жұмыс жүзеге асырылуда», - деді қала әкімі.

Оның айтуынша,ағымдағы жылдың соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құрамыс ш/а - да 1500 орынды 4 жаңа мектеп ашылады. «Нұрлы Дала» ТК 1500 орындық, Шұғыла ш/а. Шұғыла Сабденов көшесі бойынша 2500 орындық, Елімай ТК ауданында 1200 орындық мектептер ашылады.

Сондай-ақ 2025 жылдың бірінші қыркүйегіне қарай «Әлем-Сити» жанындағы Шұғыла шағынауданда 1200 орындық мектеп ашылады. Ол жеке инвестордан жергілікті бюджет есебінен сатып алынады.

Сонымен қатар, 2025 жылдың тамыз айында 375 орындық №174 мектептің жаңа корпусының құрылысы аяқталады.

Осылайша, тез өсіп келе жатқан Наурызбай ауданында 8300 оқушы орны құрылады, бұл қолда бар мектептердің жүгін азайтып, кейбіреулерін бір ауысымдық оқу режиміне ауыстыруға мүмкіндік береді. 

Ауданда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту да өсуде. Мамырда Шұғыла ш/а 320 орындық балабақша ашылады. Қыркүйек айында Құрамыс және Шұғыла шағынаудандарында әрқайсысы 320 орындық тағы екі балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарлануда. 

Ерболат Досаев алдыңғы кездесулерде Шұғыла ш/а-да денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жөніндегі берген уәдесін еске салды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында басталады, кешенді 2026 жылдың тамызында пайдалануға беру жоспарлануда.

Қыркүйек айында Ақжар ш/а-да тағы бір ДСК-нің құрылысы басталады. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірлеу аяқталу кезеңінде, шілде айының соңына дейін мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда Қарғалы өзенінің жағалауы көркейтіледі