Алматының Саялы шағынауданында инновациялық шығармашылық орталық пайда болады

24.04.2025 10:26

Құрылыстың аяқталу мерзімі-2026 жылғы қаңтар

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Алатау ауданының Саялы шағынауданында келесі жылы Инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылдан бастап Нұркент шағынауданында балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Инновациялық шығармашылық орталық табысты жұмыс істейді. Бүгінгі таңда орталыққа 2 300 бала келеді. Бұл тәжірибені Саялы шағынауданында жалғастыруға ниеттіміз, онда 2026 жылдың қыркүйегінде Инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысы аяқталады деп күтеміз», - деді Ерболат Досаев. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, ауданның  Алғабас шағынауданында 720 орындық жаңа Инновациялық техникалық колледждің құрылысы жалғасуда. Құрылыстың аяқталу мерзімі-2026 жылғы қаңтар.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Түрксіб ауданының Жас Қанат шағынауданында Даму және шығармашылық орталығының құрылысын бастау жоспарланған еді. 

Биылғы жылы Бостандық ауданында апта сайын 2 мың бала оқи алатын заманауи Оқушылар үйі ашылды, ал Алмалы ауданындағы ескірген Оқушылар үйінің орнында «Шабыт» заманауи балаларды дамыту орталығы ашылды.

Оқи отырыңыз: Алматының Алатау ауданында биыл 81 км жол орташа жөндеуден өтеді