Алматының Түрксіб ауданында 8 км жылу желілері жаңғыртылады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түрксіб ауданында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, аудандағы жылу желілерінің тозу деңгейі шамамен 80%, сондықтан оларды жаңарту басты міндеттің бірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

2024 жылы екі негізгі учаскеде 2,1 км жылу желісінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды: Спасск көшесінде (Нұрсая көшесінен Урицкий көшесіне дейін) және Сүйінбай көшесінде (Бекмаханов көшесінен Гаршин көшесіне дейін). Бұл жұмыстар осы аумақтардағы жылумен қамту сенімділігін айтарлықтай арттырып, жылу шығынын азайтуға мүмкіндік берді.

2025 жылы тағы 8,1 км жылу желілерін ауқымды түрде жаңарту жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, жұмыс Майлин көшесінде – Наманганская көшесінен Монтажная көшесіне дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, жаңғырту жұмыстары Сейфуллин даңғылы бойында – Ақан сері көшесінен Котельников көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі, тұрғындарға қолайсыздықты барынша азайту қарастырылған.

Айта кетейік, жылу желілерін жаңарту Алматы қаласындағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы ескі үйлердің 40%-дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан

Новости партнеров