Сондай-ақ жасөспірімдер 25 деген санды құрап, флешмоб ұйымдастырды
Алматының Жетісу ауданында 500 оқушы мемлекеттік әнұранды орындады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Олар – аудандағы 21 мектептің 6-7-сынып шәкірттері.
Сондай-ақ көк туды желбіреткен жасөспірімдер 25 деген санды құрап, флешмоб ұйымдастырды.
Іс-шара ұлттық мереке – Республика күніне орайластырылған. Мақсаты – жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Оқи отырыңыз: "Мен сені сүйемін, Қазақстан": Алматы мектебінде айтыскер ақынмен кездесу өтті