Бірліктің белгісі: Алматыда 100 шаршы метрге мурал салынды

Туындыда Алматының символына айналған алма ағашы және барыс баласы бейнеленген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жоғарыда аталған қос мереке қарсаңында оңтүстік астанада мурал салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауданы 100 шаршы метр болатын өнер туындысы Оспанов көшесінің бойында орналасқан. Онда бір топ бала бейнеленген. Жоба авторларының айтуынша, көлемді сурет – сыйластық пен қонақжайлылық үлгісін көрсетеді. Сондай-ақ туындыда Алматының символына айналған алма ағашы және барыс баласы бейнеленген.

 Атап өтейік, достық, бірлік, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын жоба дизайны заманауи стильде орындалған.

«Жоба «Ынтымақ» депутаттар тобы және Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Өте әдемі әрі көңілге жылу сыйлайтын сурет ұлтаралық татулықты көрсетеді. Бұдан бөлек, биыл ассамблея мерейтойына орай, бірлік, қолдау мен сыйластық концепциясын қалыптастыруға бағытталған бірнеше маңызды іс-шара өткізу жоспарланып отыр, – деді қалалық мәслихаттың депутаты Қарашаш Жүзеева. 

Оқи отырыңыз: Алматыдағы қоғамдық кеңістіктерге шамамен екі мың ірі ағаш отырғызылады

Новости партнеров