Биыл Әуезов ауданында 13 көшедегі жолдар жөнделеді

03.04.2025 11:13

Өткен жылы ауданда 27 мың шаршы метр жол төсемі люк ауыстырылды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы 2024 жылы ауданның 12,2 шақырымдық 16 көшесіне орташа жөндеу жүргізілгенін, ал ағымдағы жылы 10 шақырымдық 13 көшені қамту жоспарланғанын айтты. 

Сондай-ақ өткен жылы ауданда 27 мың шаршы метр жол төсемі люк ауыстырылды. 

Биыл тағы 26 мың шаршы метр жолды жөндеу, 16 мың шаршы метр техникалық тротуарды жабдықтау, 34,5 шақырым арық желілерін салу және 200 «иілмелі» люк орнату жоспарлануда. 2025 жылдың мамыр айында 5 жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. 

«Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру үшін 2024 жылы жылжымалы құрам 238 бірлікке 1 325 автобустан 1 563 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл 8 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 13 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және күшейтуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, кездесу барысында Алматы әкімі аудан тұрғындарын тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Мәселен, 2024 жылы «Сергек» жаңа 32 аппараттық-бағдарламалық кешені және бейне-мониторинг жүйесінің 1 027 камерасы орнатылды.

Оқи отырыңыз: Алматының Әуезов ауданында жаңа кәріз жүйелері салынады