Биыл Алматыда 16 комьюнити-орталық салынады

21.01.2025 10:17

Бұл жоба көпфункционалды

пресс-служба акима Алматы

Биыл Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әр ауданда 16-ға дейін -  әр ауданда екіден комьюнити орталықтар пайда болады. Мегаполисте 2024 жылы осындай ұйымдар іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл жоба көпфункционалды. Комьюнити-орталықтарда жастар өкілдеріне психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіптік бағдар беру, қаржылық сауаттылықты оқыту, тілдік курстар мәселелері бойынша консультациялар беріледі. Сондай-ақ мұнда білім беру және мәдени іс-шаралар өтеді, би залдары, дыбыс жазу студиялары және TikTok аймақтары жұмыс істейді. 

Өткен жылы мегаполисте 380 мыңнан астам жастарды қамтитын дәрістер, семинарлар, экоакциялар, зияткерлік ойындар, акустикалық кештер, викториналар мен квиздер, шеберлік сыныптары, үстел ойындары және спорттық турнирлер түрінде 1,7 мыңнан астам іс-шаралар өткізілді. 12 мыңнан астам адам кеңес алды, оның ішінде жұмысқа орналастыру бойынша – 4,7 мың, қысқа мерзімді курстар бойынша – 3,3 мың, психологпен және заңгермен 2 мыңнан барлығы 2024 жылы Алматы комьюнити-орталықтарына 112 мыңнан астам жас келді.

Қала тұрғыны Болат Қисамбаев атап өткендей, комьюнити - орталықтарда ол жаңа және қызықты идеяларды, стартаптарды бірлесіп іске асыратын, пікірлес адамдарды табатын белсенді балалармен танысты. «Бұл өте керемет бастама. Жастарға қолдау көрсету керек. Мұндай орталықтар жастарды жұмысқа орналастырып қана қоймай, олардың энергиясын дұрыс бағытқа бағыттауға көмектеседі. Менің ойымша, IT-технологиялар мен жасанды интеллект сияқты өзекті бағыттарға баса назар аудару керек. Қазір еңбек нарығы өзгеруде, қазақстандықтар уақытпен қатар жүруі қажет. Менің білуімше, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да дамыған елдерде осындай жобалар бар. Бізге берілген мүмкіндіктер үшін қала әкімдігіне алғысымды білдіремін», - деп  ойымен бөлісті Болат Қисамбаев. 

Волонтер Дилярам Асанованың айтуынша, қалалық комьюнити орталықтардың қызметіне қатысудың арқасында ол көптеген қызықты және пайдалы жандармен танысқан. «Бұл ұйымдар бей-жай қарамайтын азаматтардың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Біз су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға қатыстық, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатыстық, блогерлер арасындағы түрлі форумдарда, «Бірлік спорт Fest» іс-шарасында және т.б. сөз сөйледік» -, деп атап өтті  бойжеткен. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматыда 8 комьюнити-орталық «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясында іске қосылды, қалалық әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен - әр ауданда бір-бірден. 

Бұдан басқа, өткен жылдан бастап әрбір комьюнити- орталықта қазақстандық өндірістің фандоматтары – оларды одан әрі өңдеу үшін пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинау аппараттары орнатылды. Осылайша, осы жастар кеңістігіне келушілер арасында экологиялық құндылықтар қалыптасуда, ал комьюнити орталықтардың резиденттері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қолдай отырып, экорейнджерлер қатарын белсенді толықтыруда.