Алматының Жетісу ауданындағы жаңа көпір қашан ашылады

14.11.2024 16:40

Реконструкциялау құру нәтижесінде көпірдің ұзындығы 16,8 – ден 33 метрге дейін, ені 8,5-тен 14,5 метрге дейін ұлғайтылады

Жетісу ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев «Кемел» шағынауданында Есентай өзені бойына салынып жатқан көпірді аралап көрді. Бұған дейін мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша көпірдің апатты жағдайына қатысты қозғалыс жабылған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv.

60-шы жылдары салынған көпір құрылысына маусым айында жүргізілген техникалық зерттеу бетон конструкцияларының ішінара бұзылуын, көпір тіректерінде жарықтардың пайда болуын, деформациялық тігістің болмауын және т.б. анықтады. Осыған байланысты ТЖ аясында жаңа көпір салу туралы шешім қабылданды.

Бастапқыда көлік қозғалысын қазан айының соңында ашу жоспарланған болатын. Алайда, топырақ құрылымына байланысты жоспарланған 9 метрдің орнына 29 метрлік бұрғылау қадаларын орнату қажет болды. Сонымен қатар, арнайы техниканың негізін дайындау кезінде өзен арнасында көпірдің жаяу жүргіншілер бөлігі құлады. Бұл бөлік жаңа көпір салынғаннан кейін бөлшектелуі керек еді, бірақ құлау салдарынан оны ертерек бөлшектеуге тура келді. Осылайша, жұмыстың мерзімі ауыстырылды. 

Қала басшысына қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев айтып өткендей, бүгінде қадаларды орнату және сынау, тіректерді, тіреу қабырғаларын орнату, арқалықтарды монтаждау және инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ғимарат сынақтан өтті. 

Реконструкциялау құру нәтижесінде көпірдің ұзындығы 16,8 – ден 33 метрге дейін, ені 8,5-тен 14,5 метрге дейін ұлғайтылады. Сонымен қатар, екі жағынан 1,5 м тротуарларды орнату жоспарлануда. 

«Көпір бірнеше шағын аудандар мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін көлік байланысын қамтамасыз етеді. Бұл маңызды инфрақұрылымдық нысан, сондықтан құрылыс мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізілді. Геология топырақтың тұрақсыздығын анықтады, сондықтан қадаларды шамамен 30 метр тереңдікке орнату туралы шешім қабылданды, көпір ұзындығы бойынша екі есеге жуық ұлғайтылды. Жұмыстың негізгі көлемі орындалды, қозғалысты келесі аптаның соңына дейін ашып, содан кейін жаяу жүргіншілер бөлігі мен іргелес аумақ бойынша жұмыстарды аяқтау қажет», - деп атап өтті Ерболат Досаев. 

Естеріңізге сала кетейік, жаңа көпір салу бойынша жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін аталған учаскені айналып өту Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы қамтамасыз етілген.

Оқи отырыңыз: Алматының Алатау ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы салынды