Алматыда комьюнити-орталықтарда жастарға қаржылық кеңес беріліп жатыр

10.02.2025 09:09

Кеңес алуға комьюнити орталықтардың жұмыс кестесіне сәйкес келуге болады

пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласындағы комьюнити-орталықтары Отбасы банкпен бірлесіп, жастарға арналған жеке қаржылық кеңес беру бағдарламасын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл бастама жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, өз қаражатын тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған.

Бағдарлама аясында қатысушылар қаржы саласындағы өзекті ақпараттарды алып, жеке бюджет жүргізудің негізгі қағидаларын меңгереді. Сарапшылар кірістер мен шығыстарды дұрыс басқару жолдарын түсіндіріп, жинақ жасау, несие алу, инвестиция салу туралы маңызды кеңестер береді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаржылық тұрақтылықты қалыптастыруға арналған практикалық ұсыныстар ала алады.

Кеңес алуға комьюнити орталықтардың жұмыс кестесіне сәйкес келуге болады. Кеңес беру күнін білу үшін өзіңізге ыңғайлы комьюнити орталыққа барып, толық ақпарат алуға болады.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ақпараты бойынша, бұл жоба жастардың қаржылық сауатын арттырып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуіне мүмкіндік беруге бағытталған.

Оқи отырыңыз: Алматы метрополитені қос функциялы жаңа қоршауларды сынақтан өткізуде