Алматыда архив ісіндегі алғашқы хакатон өтті

Almaty.tv
Almaty.tv

Ұйымдастырушылар қатысушыларға тарихи материалдарды және Қазақстанның мәдени мұрасының деректеріне қолжетімді әрі қызықты етіп шешімдер әзірлеуді тапсырма етіп қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылғы 24-25 қыркүйекте елімізде алғаш рет архив ісі саласындағы инновациялық технологиялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған «Archive Hack: Ақылды архив» хакатоны өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Хакатонды Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Satbayev University және Yandex Qazaqstan бірлесе ұйымдастырып отыр. Жарыста IT және тарихи мамандықтарда оқитын университет пен колледж студенттері, сондай-ақ Алматы қаласының жоғары сынып оқушылар қатысты. Олар архивтік деректерге қолжетімділікті жақсарту, оларды цифрландыру, қорғау және сақтау бағытында жобалар әзірлеудің үлгілерін ұсынды.

Хакатонның ашылу салтанататында «Satbayev University» ректоры Бегентаев Мейрам Мұхаметрақымұлы, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Мұстафина Әлия Құсайынқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Хакатон аясында сайысқа қатысушылар Алматы, Астана, Қарағанды, Тараз және Талдықорған қалаларының оқу орындарынан 165 қатысушы келді. Ұйымдастырушылар қатысушыларға тарихи материалдарды және Қазақстанның мәдени мұрасының деректеріне қолжетімді әрі қызықты етіп шешімдер әзірлеуді тапсырма етіп қойды. Қатысушылар жобаларын 1 күннің ішінде дайындады.

Хакатонның нәтижесі бойынша әділ қазы алқасы үш негізгі секция бойынша үздік жобаларды анықтады:

«Young Archivists Initiative» – Ең үздік мектеп жобасы:

1-орын Тараз қаласы № 41 А.С. Пушкин атындағы мектеп оқушыларынан құралған «Time Keepers» командасы;

2- Алматы қаласы № 113 мектеп-гимназиясының оқушыларынан құралған «Stars» командасы;

3-орын Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы № 92 мамандардырылған лицейінен келген «Ганди» командасы.

«Designing Heritage» - Ең үздік брендбук дизайны;

орын Алматы қаласы №79 мектеп-гимназиясының «Eleven VG» командасы;

2-орын Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы № 92 мамандардырылған лицейінен келген «TRV designers» командасы;

3- орын Satbayev University мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) «Triple-A» командасы.

«Tech Solutions for Heritage» - Ең үздік инновациялық шешім;

орын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен келген (ХАТУ) «Adapteam» командасы;

2-орын Қазақстан-Британ техникалық университетінің «KBTU_hachaton_enjoyers» командасы;

3- орын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен келген (ХАТУ) «Spark Studio».

Хакатонның жеңімпаздары мен барлық қатысушылары арнайы дипломдармен марапатталды. Тараз қаласы № 41 А.С. Пушкин атындағы мектеп оқушыларынан құралған «Time Keepers» командасына Satbayev University білім сертификаттары берілді. Сонымен қатар жүлдегерлер жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Оқи отырыңыз: Келесі жылдан бастап жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері көбейеді

 

Новости партнеров