Қазақстанда сәби өлімі азайып келеді – дәрігерлер

17.10.2024 15:49

Нәрестелердің шетінеп кету көрсеткіші едәуір төмендеген

Елімізде сәби өлімі азайып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына ауысқалы нәрестелердің шетінеп кету коэффиценті былтыр едәуір төмендеген. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Қазақстан балалар дәрігерлерінің Х съезінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алқалы жиында 10-ға жуық мемлекет пен еліміздің барлық өңірлерінен жиналған жетекші ғалымдар мен мамандар бас қосты. Екі күнге созылатын съезде балалардағы ауруларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері, балалар хирургиясындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шара аясында шеберлік сабақтары мен 12 ғылыми сессия ұйымдастырылады.

Сондай-ақ жиын барысында ғылыми жобалар ұсынылып, практикадағы ерекше клиникалық тәжірибелер ортаға салынады.  

«Ең басты проблама – ары қарай бала, сәби өлімін азайту. Бұл саладағы мақсат – неонатологияда эффективті перинатальды технологияларды ары қарай енгізу, перинаталды орталықтарды және балалар ауруханаларын жаңа стандарттарға сәйкестендіру», - деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Манжуова.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Асыл қазынам» ұзақ өмір сүру фестивалі өтті